$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан - Моңғолиямен стратегиялық серіктес елге айналған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет

AstanaTV
29.10.2024ж. 11:39
225
Қазақстан - Моңғолиямен стратегиялық серіктес елге айналған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух қазақ пен моңғол бауырлас халықтар екенін, оларды ежелден тарихи, мәдени және рухани мұралар біріктіретінін атап өтті, деп хабарлайды Astana TV.

– Сіздің мемлекеттік сапарыңыз барысында екі елдің дәстүрлі достық қарым-қатынасын одан әрі кеңейту және дамыту жөнінде тарихи шешім қабылдадық. Бұл Моңғолия мен Қазақстанның ынтымақтастығын стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді. Аталған айтулы оқиға өзара байланыстарымыздың жаңа кезеңіне жол ашады. Қазақстан Республикасы – Моңғолиямен стратегиялық серіктес елге айналған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Бұған қуаныштымыз. Біздің ресми келіссөздеріміз жылы әрі іскерлік сипатта табысты өтті. Осы орайда 30 жылдағы жетістіктерімізді қорытындыладық. Ынтымақтастығымызды жаңа мазмұнмен байыту, алдағы уақытта байланыстардың барлық саласын кеңейту жөнінде нәтижелі пікір алмастық. Өзара ықпалдастықтың перспективасын, басымдықтары мен жол картасын бірге айқындадық, – деді Ухнаагийн Хурэлсух.