Ресей билігінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин Қазақстанға келуге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әзірге ол қашан келетіні нақтыланбады, бірақ Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның хаттамасына сәйкес, 27 қарашада келуі мүмкін.
"Сапарға шынымен де қызу дайындалып жатыр, уақытын жақын арада хабарлаймыз", – деді Песков.