Қостанай жол апатынан 4 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин және Жусалы ауылдарының арасында болған. 59 жастағы TANK көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2112 көлігімен соқтығысқан.Соның салдарынан төрт адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.Ал TANK көлігін тізгіндеуші мен жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді.Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
ЭЛЬМИРА СПАНДИЯРОВА, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Жалпы жыл басынан бастап 966 жол көлік апаты тіркеліп, 54 адам қайтыс болған.Мыңға жуық адам жарақат алды.