Атырауда бірінші санаттағы бес ірі кәсіпорын автоматтандырылған мониторинг жүйесіне қосылды. Бұл табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін бақылау және азайтуды мақсат етеді. Облыста алғашқы болып автоматтандырылған мониторинг жүйесін Атырау жылу электр орталығы енгізді. Былтыр қаңтардан бастап, құбырдан шығатын түтін мен кәсіпорын пайдаланған судың құрамы зерделеу үшін 7 арнайы қондырғы орнатқан. Кәсіпорын басшылығы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында оның қалай бақыланатынын көрсетті. Онлайн режимдегі мәліметтер әр 20 минут сайын ауысып отырады.
МАҚСОТ ӘЛЕНОВ, «АТЫРАУ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:
Дачиктер тұрбаның ішінде орналасқан. Бізден шығып жатқан шығындыларымыздың бәрін ішіндегі құрамын зерттеп, соның барлығы бүкіл мәліметтің бәрін өзіміздің монитонгке шығарады. Арнайы адамдарымыз бар. Бәрін бақылап отыратын. Ол мәліметтер бізің Атырау облысындағы экология департаментіне беріліп, отырады. Таза ауа, таза экология болу үшін арнайы жасалып жатқан шаралар.