$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда 30-ға жуық оқушы күзгі демалыста білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасу үшін Дубайға аттанды

29.10.2024ж. 20:00
520
Алматыда 30-ға  жуық оқушы күзгі демалыста білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасу үшін Дубайға аттанды

Алматыда 30-ға жуық оқушы күзгі демалыста білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасу үшін Дубайға аттанды. Биыл мектеп бітіретін балалар әлемдегі топ үздік жоғары оқу орындарымен танысып, таңдаған мамандықтары жөнінде толық ақпарат алады. Оның ішінде Нью-Йорк, Хериот Уотт, Воллонгог секілді танымал университеттер бар. Жыл басынан бері 300-дей оқушы шетелге барып келген. 

11-сыныпқа аяқ басып, Ұлттық бірыңғай тестілеу жақындаған сайын «Кім болам?», «Қай оқу орнына тапсырсам болады?» деп сергелдеңге түсіп, біраз уақытын құртып алатындар жетерлік. Мектеп бітіруші түлектердің осындай мәселесін ескерген Alpha Academy және Beta High School орталығының оқытушылары арнайы бағдарлама ойлап тапқан. Жоба негізінде оқушылар шетелдік топ университеттерді аралайды. Осы бағдарламаның нәтижесінде, 5 мыңнан аса оқушы шетелге грантпен оқуға түскен.

БАҚНҰР ЗИЯБЕКОВ, ПРОФОРИЕНТАТОР:

Күзгі каникулда біздің балаларға мамандық таңдауға Дубайға апара жатырмыз. Бізде сол баратын университеттермен келісімшарт бар, олармен келісіп қойғанбыз баратынымызды және ең маңыздысы көп университеттер керісінше қазақтың балаларына грант бергісі келеді, оқуын төлеп бергісі келеді. Мысалы Нью-Йорк университеті Абу-Даби оқуы тегін, тұратын жері тегін, ай сайын стипендия береді және екі рет самолет төлеп береді. Жылына бір рет ата-анасының самолетын төлеп беруге дайын.

Білімді шыңдауға бағытталған саяхат 7 күнге жалғаспақ. Оқушылар осы уақыт аралығында бес үздік университетпен танысады. Бұған дейін жоба аясында білімін жетілдіріп келген жасөспірімдер тестілеу сынағы бойынша үздік нәтиже көрсетіп жүргендерімен бөлісті.

АСЫЛАЙ РАЙОВА, ОҚУШЫ:

Дубайда 5 университетке барып келдік, бәрін қарап көріп. Нью-Йорктағы университетке өзім прям захотела түсіп келуге,іші күшті, қазақтар жүрді. Мотивация алдық.

АДИЯТ МЕЛС, ОҚУШЫ:

Біз университетке қарап өзімізге цель қойдық, мотивация, ішін қарап мынау жақсы университет екен, сол үшін мотивация қойып. Осы жерге түсем деп бұйырса.

Мектеп бітіруші түлектердің арманы – асқақ. Көбі IT, маркетинг, бизнес менеджмент салалары бойынша білікті маман болуды армандайды. «Қазіргі таңда елімізде IT мамандарына сұраныс көп екенін ескердік»,-дейді оқушылар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті IT-маманын дайындау міндетін қойып, арнайы пәрмен берген болатын.

АЗАМАТ СӘРСЕНБАЙ, ОҚУШЫ:

Мен жалпы география-математика пәні бойынша бизнес менеджмент маркетинг саласына кеткім келіп жатыр болашақта Еуропа елдеріне. Айелтс әртүрлі жобаларды, жоба қорғау мақсатында, болашақ мамандығымды толық біліп, өзімнің әртүрлі качество скиллдарымды дамыту мақсатында бара жатырмын.

Айта кетейік, аталмыш бағдарлама халықаралық лагерь ретінде есептеледі. Осы жолғы трипке қатысып, білімін арттыруға арнайы Өзбекстаннан келген талапкерлер де бар.