$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қоғамдық сананы жаңғырту жобалары бойынша жұмыс топтары құрылды.

AstanaTV
29.04.2017ж. 20:00
3099
Қоғамдық сананы жаңғырту жобалары бойынша жұмыс топтары құрылды.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру үшін жұмыс топтары құрылады. Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен қоғамды сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыратын  Ұлттық комиссияның алғашқы отырысы өткен, сонда айтылды. Жұмыс топтарының құрамына салалық мамандар, сарапшылар, ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері кіреді. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған бағыттарды іске асыру үшін құрылған Ұлттық комиссияның құрылатын жұмыс топтары бір айда іс-қимыл алгоритмін ұсынуы тиіс.  
 
Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі: 

Президенттің программалық мақаласында қоғамды сананы жаңғырту мәселесі көтерілген. Саяси да, экономикалық да жаңарулардың нәтижесі соған байланысты. Бұл жауапкершілігі жоғары ғана емес, өте күрделі де мәселе. Мемлекет Басшысы біздің ұлтымыздың, әрбір қазақстандықтың даму бағыттарын анықтап берді. Бұл жаңа тұғырлар мен құқықтық нормалар қабылдау ғана емес. Әңгіме қоғамдағы қарым-қатынастардың жүйелік жаңаруы туралы. Тарихымызда мұндай мақсат қойылған емес. Оған жету қалыптан тыс пайымдар мен ерекше шешімдерді талап етеді. 

Ұлықбек Есдәулет, ақын:

Кез келген бәйтерек, «ұлттық бәйтерек», оның тамырына нәр бермесе, жапырағы солып қалады. Ұлттық болмысымыздың тамырына нәр беретіндей идеяларға толы «Рухани жаңғыру» мақаласы болды. Мақалаға байланысты Ұлттық комиссияның бірінші отырысынан шығып тұрмыз.

Нұртөре Жүсіп, «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы:

Осы отырыста көтерілген мәселелер бойынша 6 жұмыс тобы құрылады. Жұмыс топтары алдағы уақытта мақалада көрсетілген негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Еліміздің әр аймағында да өңірлік комиссиялар құрылады. Нақты жобалар қарастырылады. Қоғамның пікірін ескере отырып, түбегейлі құжат қабылданатыны белгілі болды.