$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралдық бойжеткенді ер адам ұрып соққан

AstanaTV
29.10.2024ж. 18:23
210
Оралдық бойжеткенді ер адам ұрып соққан

19 жастағы оралдық бойжеткен өзін себепсіз ұрып-соққан жас жігіттің жазадан құтылып кетуіне наразылығын білдіріп, құқық қорғаушысымен бірге Астанадағы Бас прокуратура ғимаратына келіп, БАҚ өкілдерінен көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қанат Айарудың оқиғасы биылғы жылдың қазан айында Оралдағы коттедждердің бірінде орын алған. Бойжеткен құрбыларымен бірге туған күн кешіне барып, ішімдік ішкен жас жігіттің тепкісіне қалған.

"7 қазан күні құрбыларыммен досымның коттеджіне туған күн кешіне бардық. Сол отырыста Д. есімді қонақ жігітпен сөзге келіп қалдық. Екеуміздің әңгімеміз жараспай, ол кеш бойы маған тиісумен болды. Масайып қалған құрбыларымның естерін жиғанын күтіп, далаға шыққанымда, ол мені соққыға жықты. Аяусыз шашымнан тартып, тепкілеп ұрды. Менің дауысымды естіп, жігіттер келіп ажыратып алмағанда, өлтіріп тастауы да мүмкін еді. Жігіттер жүгіріп келген күннің өзінде ол шашымнан ұстап тұрды, ер адамның соққылары қатты тигендіктен, оқиға орнында талып қалыппын. Содан жедел жәрдем келіп, денемдегі жарақаттарды көріп, дереу 102-ге хабарласқан. Ертесі күні Д. екеумізді де полиция учаскесіне шақырды.