Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ассамблея мүшелері жастар арасында зерттеу жүргізуді ұсынды

AstanaTV
28.04.2017ж. 20:00
3051
Ассамблея мүшелері жастар арасында зерттеу жүргізуді ұсынды

Қарағандыдағы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері барлық ұлт жастарының арасында ғылыми-әлеуметтік зерттеу жүргізуді ұсынды. Бұл олардың ортақ қызығушылығы мен қоғамдағы орнын, мақсат-мүдделерін анықтайды,-деді белсенділер. Әрі жастар саясатын қалыптасрытып, дамытуға да оң септігін тигізбек.  

Азами Расулова, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің студенті:

Ұлтым түрік. Бірақ өзімді қазақпын деп есептеймін. Өйткені осы елде өсіп өркендеп келемін. Әрине, мұның бәрі Елбасымыздың дана саясаты арқасында мүмкін болып отыр. Мен ел ішіндегі және шетелдегі ғылыми конференцияларға қатысамын. Осындай жастардың дамуына, мүмкіндіктеріне жетуіне зор әсер етеді. Мен жастарды еліміздің мәдениетін білуге, тарихын құрметтеуге шақырамын.

Қарағанды облысында 22 этномәдени бірлестік бар. Әр ұлт өкілдері бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай өткен дөңгелек үстелде ел саясатына қатысты өз пікірлерін білдірді. Онлайн ережесіндегі конференцияға аймақтың барлық қалалары мен аудандарындағы ассамблея мүшелері қатысты. Өзге ұлттардың қазақ жерінде тілдері мен діндерін сақтауына мүмкіндік бар. Сондай-ақ, олар кез келген салада қызмет етіп, Қазақстан саясатына араласа алады. Алдағы уақытта этноорталықтар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлестерін қосатындарын айтты.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

Бірлігі бекем, рухы мықты елдің болашағы зор. Сондықтан да біз жарқын жаңғырудың жолына түстік. Мүдде-мұратымыз да бір. Ол - біртұтастық. Барлығымыз бірігіп, осы орайда кешенді, әрі сапалы жұмыс атқаруымыз керек.