$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Абай Бегейдің әйелі балаларының діни мектепке баратынын айтты

AstanaTV
30.10.2024ж. 09:21
140
Абай Бегейдің әйелі балаларының діни мектепке баратынын айтты

Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі белгілі блогер Фариза Жұманова балалары дінге жақын екенін, олар намаз оқымаса үлкен минус болатынын айтып, сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз бес уақыт намаз оқимыз. Балаларымыз намаз оқымаса, біз үшін үлкен минус. Аминокқа "мен намаз оқимын, әкең намаз оқиды" деп айтып отырамын. Намаз - әр адамға парыз. Тақсырға да айтамын "біз үлгі болайық, діни тәрбие берейік" деп. Сымбат намазға өзі келді. Әмина мен Сымбат Құран оқи алады, арнайы дәріске жібердік", - деді ол. 

Әншінің әйелі балалары дінге өз еркімен келгенін, орамал тағу туралы шешімді де өздері қабылдағанын айтты.

"Бір күні Сымбат орамал тағайын деді. Орамалдың ойыншық емес екенін айтып түсіндірдім. Мүслім, Мариям, Ибрагим әлі кішкентай. Бірақ мұсылмандардың балабақшасына барады. Ол жақта да дұға, Алланың 99 есімін үйретеді", - деді Фариза Жұманова.