$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШАРУА: астық шіріп жатыр

30.10.2024ж. 20:00
313
ШАРУА: астық шіріп жатыр

Қызылжарлық шаруалар биыл жинаған мол астықтан айырылып қаламыз деп алаңдаулы. Себебі, элеваторларда орын тапшы. Күзгі орақ науқаны барысында алты миллион тоннаға жуық егін жиналды. Диқандар мұндай көрсеткішке көп жылдан бері қол жеткізбегендерін айтады. Алайда, енді оны сақтау мәселесі кәсіпкерлердің бас ауруына айналған. Шаруашылық иелері элеваторлардың жұмысына көңілі толмайтындарын жеткізді. 

РАИЛЬ МЕНДЕЕВ, ШАРУА:

Бірқатар диқанның астығы күйіп, шіріп жатыр. Кейбірі оны арнайы үлкен қапқа салып, сақтап қалуға тырысып бағуда. Бірақ, оны былай ұзақ сақтауға болмайды. Элеваторларда қамбалар толып тұр. Былтырдан қалған бидай көп дейді. Ал қабылдап жатқандары шаруаларға тиімсіз талаптарды ұсынады.

Аймақта 46 элеватор бар. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 миллион тоннадан асады. Астық қабылдау кәсіпорындары орын тапшылығы мәселесін газ дефицитімен байланыстырып отыр. 

НҰРЖАН ДӘУІТОВ, ЭЛЕВАТОР ДИРЕКТОРЫ:

Негізі элеватор күні-түні жұмыс жасап жатыр. Айтатын мәселе - газ тапшылығы. Соңғы бір айда қалада газ жоқ. Біз Астанадан алып келуге мәжбүр болып жатырмыз. Осыған дейін газды 160-180 теңгеден сатып алғанбыз. Қазір 220-250 теңгеден алып жатырмыз. Соған байланысты элеваторлардың тарифтері көтеріледі.