$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Әлі күнге дейін арбамен су тасып ішіп отырғандар бар»,- Е. Бейсенбаев

30.10.2024ж. 20:00
189
«Әлі күнге дейін арбамен су тасып ішіп отырғандар бар»,- Е. Бейсенбаев

«7 өңірде әлі күнге дейін арбамен су тасып ішіп отырғандар бар». Депутат Елнұр Бейсенбаев ауыл тұрғындарының мәселесін көтерді. 2025 жылы барлық ауылды 100% сумен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Мәжілісмен биылғы бюджет жобасында бөлінетін қаражатты есепке ала отырып, Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы уақытылы орындалатынына сенімсіздік танытты. Сөзінше, кейбір өңірлер бұл міндеттемені ысырып қойып, тіпті жобалық-сметалық құжаттардың өзін дайындамаған.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл Үкіметтің бақылауының әлсіздігі деп есептеймін. Неге олар дайындамаған? Мемлекет басшысы тапсырған 500 адамнан асатын тұрғыны бар ауылдың барлығы сусыз қалуы керек пе? Біз барлық ауылды есепке алып, 80 млрд теңгеге жуық қаражатты AMANAT фракциясының атынан арнайы отырғыздық. Соның өзінде сіздер бұл бюджеттің жобасында тек 15 млрд теңге қаражатты ғана қолдап отырсыздар.