$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Қазақстандықтар ай сайынғы ішіп-жемі үшін 114 мың теңге жұмсайды

30.10.2024ж. 20:00
62
Қазақстандықтар ай сайынғы ішіп-жемі үшін 114 мың теңге жұмсайды

Иә, осыдан бірнеше жыл бұрын онлайн дүкендерден киім-кешек, жиһаздарды ғана тапсырыс беретін едік. Ал қазір азық-түлікті де үйден шықпай-ақ алдыра аламыз. Азық демекші, қазақстандықтар ай сайынғы ішіп-жемі үшін 114 мың теңге жұмсайды. Бағаның көтерілгені рас. Сатушылар оған жанармай құнының көтерілуі себеп дейді. Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында. 

Елімізде көмір бағасы көтерілуде. Өткен жылдың қыркүйегінен бері шикізат 9,8 процентке қымбаттаған. Қазір елдегі бір тонна көмірдің орташа бағасы 17 676 теңге. Өңірлер бөлінісінде ең арзаны Петропавлда. 15 187 теңге. Өскемен мен Семейде 15 600 теңгенің маңайында. Ең қымбат баға Ақтөбе қаласында тіркелді. Тоннасы 23 мың теңгеден саудаланып жатыр. Айта кетейік, биыл елде 80 млн тоннаға жуық тас көмір өндірілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға аз. Өндіріс көлемі ақшалай мәнде 51 млрд теңге болды.

"Тапқан табысымыз азық-түліктен артылмайды". Қазір көпшіліктің ішіп-жемнің құнына қатысты айтар уәжі көп. Ресми статистикадағы сандар мен ас-ауқаттың құны арасында әжептеуір алшақтық бар дейді тұрғындар. Фридом финанс глобал сарапшыларының жүргізген сауалнамасына қатысқандар азық-түлікке ай сайын орта есеппен 114мың теңге жұмсайтынын айтқан. Халықтың 27 пайыздан астамы ішіп-жемге 50мың теңгесін жарататынын жеткізген. Ал 30 процентке жуығы 75-100мың теңге боледі екен. Еліміздің әрбір бесінші тұрғыны тамаққа 100-150 мың теңге береді. Тағы 12 проценті 75 мыңға дейін, қалған 10 пайызы 150-200 мың теңге қаржысын айлық азығына арнайды.

АЗЫҚ-ТҮЛІККЕ 114 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖҰМСАЙДЫ

27% 50 мың теңге

30% 75-100 мың теңге

17% 100-150 мың теңге

12% 75 мың теңге

10% 150-200 мың теңге

Азық-түлік сатушылары бағаның қымбаттығын жанар-жағармайдың құнымен байланыстырады. {ЗКТ} Қазір ас-ауқат тауарларына инфляция көрсеткіші бойынша Қазақстан 2-орында. Жыл басынан бері 2,9 процентке өскен. Бірақ, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жанар-жағармай мен дизель отыныны азық-түлік бағасына көп әсер етпейтінін айтады.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өз тәжірибеме сүйеніп айтайын. Бензиннің бағасы азық-түлікке көп әсер етпейді. Себебі, азық-түлікті тасымалдағанда оның бағасына әсер ететіні дизель отыны. Дизель отыны өссе, әрине, ол өз әсерін береді. Сондықтан бензин бағасына қатысты нақты айта алмаймын. Бірақ дизель отынының әсері де көп емес.

Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар 488 теңгеден саудалануда.

Еуро 533, ал Ресей рублі 5 теңге болды.

Доллар 488 теңге

Еуро 533 теңге

Рубль 5 теңге