$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда «Қарызсыз қоғам» жобасымен бір жылда 10 мыңға жуық адам қаржылық сауаттылығын арттырған

30.10.2024ж. 20:00
242
Алматыда «Қарызсыз қоғам» жобасымен бір жылда 10 мыңға жуық адам қаржылық сауаттылығын арттырған

Алматыда «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында бір жылдың ішінде 10 мыңға жуық адам қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақ алған. Биыл жоба бойынша Қазақстанның бүкіл өңірінде 200 мың адамды оқыту көзделген болатын. Жоспарға сәйкес 2024 жылы мегаполисте 12 мың тұрғын отбасылық бюджетті жүргізу, шығындарды басқару, несиелік қарыздарды мерзімнен бұрын өтеу бойынша дәрістер алуы тиіс. 

2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, 8,9 миллионға жуық қазақстандық несие алған. Олардың банктер мен микроқаржы ұйымдарына барлығы 21,4 триллион теңгеден астам қарызы бар екен. Осы тұрғыда "Қарызсыз қоғам" жобасы жеке және қоғамдық деңгейде шамадан тыс қарыздану мәселесін болдырмай, қаржыны тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асырылып келеді.

БАҚЫТБЕК ЖҰМАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы жобаның аясында былтырғы уақыттың өзінде 8 өңірде, 65 мың адам қамтамасыз етілді осы оқу жайлы. Ал осы жылы үкіметпен бірлесіп, аманат партиясы бірге бірлесіп осы жұмысты атқаруда. Биылдың өзінде 200-ден аса адамды Қазақстан бойынша толық өңірлерде қамтамасыз етіп, соның ішінде 12 мың халықты осы Алматы қаласының ішінде, қазіргі уақытта 9 мың адам толық білім алды.

Жыл басынан бері 10 мыңға жуық алматылық «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша дәріс алған. Сабақтар оңтүстік астананың 8 ауданында бекітілген. Ал, Алматы қаласында 6 сарапшы қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін студенттер мен оқытушыларға және басқа да мекеме мүшелеріне дәріс жүргізген.

АСИМА СҰЛТАНОВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕНТОРЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ САРАПШЫ:

Жалпы сабақ 5 күн өтеді. 5 күннің ішінде біз не үйретеміз, жеке адамның өзінің қаржылық жоспарларын және де жанұялық жоспарларын қарастырамыз. Несие, депозитті қарастырамыз. Инвестицияларды және де қазіргі таңда заң бар ғой жеке адамның банкроттығы туралы, алаяқтарға түспеу жолдары және де соңғы күндері бізде бизнес туралы осындай ақпарат береміз. Қазіргі таңда бізге келіп жатқан кісілер бизнеспен қалай шұғылдануға болады, қандай мемлекет тарапынан ақша бөлініп жатыр, несие гранттар деген сияқты сұрақтармен келеді.

КӘМШАТ ҚАҺАРМАНҚЫЗЫ, АЛМАТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫСЫ:

Қарыздарым бар. Банктегі қарыздарым бар. Қаржыны қалай үнемдеуге, шығындар мен кірістерді қалай есептеу керек көп нәрселерді үйретті. Одан кейін именно депозит бойынша инфляцияның қалай болып жатқаны, депозиттің бізге қанадй көмектері бар, сонымен қатар керексіз дүниелерге ақшаны қолданбау деген сияқты.

Айта кетейік, жобаға қатысушылардың 75%-ы – әйелдер. Ал оның жартысынан көбі – көпбалалы аналар. Одан бөлек, «Қарызсыз қоғам» жөнінде дәріс алған нәзік жандылар жеке кәсібін бастау үшін қайтарымды грант пен лизингке құрал-жабдық сатып алуға мүмкіндіктері бар.