Германия
парламенті мемлекеттік қызметкерлердің паранджа мен никаб киюіне тыйым салатын
заңды бекітті. Бұл туралы Рейтерс
хабарлады. Бұл әскерилер мен соттарға да қатысты. Енді немістер никаб пен
паранджаға тыйым салған 5-ші еуропалық ел болмақ. Қазақстан президенті де
жақында бұл біздің дініміз бен ділімізге жат дүние екенін айтып, заңмен тыйым
салуды тапсырды. Бірақ алдымен қоғамның талқысына салынады.
Алтынбек
Ұтысханұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім меңгерушісі:
Кейбір мұсылмандар ішінде әдетке айналған,
көшелерде онсыз жүру күйеуілерінің тарапынан, отбасы тарапынан тыйым салынады.
Бірақ ол шариғатта жоқ нәрсе. Осыны білуіміз керек. Қазақта ол болмаған ниқап
деген нәрсе. Біздің бетіміздің ашық болуына қатты мән беруіміз керек.
Ал
қазақстандықтар бет-аузын жауып, қара киінгендерге қалай қарайды? Еуропадағыдай
заңмен тыйым салу қажет пе? Ертең сағат 20:00-де "Біздің уақыт" ақпарат-сараптамалық
бағдарламасынан көріңіздер.