$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жалған өндірушілерді жойып, елдегі шикізат қорын әділ есептеу керек" , - Р. Баталов

30.10.2024ж. 20:00
187
"Жалған өндірушілерді жойып, елдегі шикізат қорын әділ есептеу керек" , - Р. Баталов

Жалған өндірушілерді жойып, елдегі шикізат қоры мен орнын әділ есептеу керек. Бұл- қазақстандық өндірушілерге көмектесудің тиімді жолы. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов осылай деді. Оған қоса ұлттық палата шағын және орта бизнесті нығайтуға айрықша мән беруде. Сондай-ақ кластерлерді дамыту мақсатында Ұлтттық цифрлық инвестициялар платформасын енгізуді жоспарлап отыр.

РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП ТӨРАҒАСЫ:

Платформаның негізгі мақсаты – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру кезінде әкімшілік және басқа да кедергілерді азайту. Бұл жүйеге инвесторлармен қатар, мемлекеттік органдар мен қаржы институттары тарапынан жобаға қатысушылар қосылады. Цифрлық платформа инвестициялық жобалардың орындалу барысын онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес капиталды тарту бойынша шешімді неғұрлым қысқа мерзімде қабылдауды жеңілдетеді.