$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Енді шенеуніктер үнемделген ақшаны өздеріне сыйақы ретінде аудара алмайды

AstanaTV
30.10.2024ж. 19:17
174
Енді шенеуніктер үнемделген ақшаны өздеріне сыйақы ретінде аудара алмайды

Енді мемлекеттік органдар үнемделген ақшаны жыл соңында өз қызметкерлеріне сыйақы ретінде аудара алмайды. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, үнемделген ақша бюджетке қайтарылады.

«Қаржы министрлігі шоттар арасында сыйақыға қаражат аударуға тыйым салды. Егер мемлекеттік органның үнемделген ақшасы болса, ол оны өзіне сыйақы ретінде аудара алмайды. Бұл қаражат бюджетке қайтарылады», - деп мәлімдеді Тәкиев Мәжіліс кулуарында.