Астананың Байқоңыр ауданында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телефон ұрлады деген 30 жастағы күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Тергеу барысында 58 жастағы жәбірленушінің жеке ұйымда күзетші болып жұмыс істейтіні анықталды. Көшеде бір жас жігітпен танысқаннан кейін, ол қаңғып жүрген адамға көмектеспекші болып, ұрыны жұмысындағы күзетшілерге арналған үйшікке кіргізген.
Күдікті таңертең күзетші ұйықтап жатқанда, куәгерлердің жоқ екеніне көз жеткізіп, Samsung Galaxy телефонын және өтініш берушінің жеке куәлігін ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Осылайша, 100 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.
"Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады полиция.