$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда әлеуметтік мекеме тәрбиеленушілерін күтушілері ұрып-соққан

31.10.2024ж. 20:00
112
Павлодарда әлеуметтік мекеме тәрбиеленушілерін күтушілері ұрып-соққан

Павлодарда әлеуметтік мекеме тәрбиеленушілерін күтушілері ұрып -соққан. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Орталықтағы балалардың ақыл есінде ауытқуы бар. Сондықтан әрдайым өзгенің көмегіне мұқтаж. Тексеру жүргізген облыстық прокуратура бірқатар былықтың бетін ашты. Олардың айтуынша, мұндай жағдай бұған да дейін де болған. 2020 жылы балаларды ұрып соғудың 17 дерегін анықтаған. Сол уақытта кінәлі тұлғалар жауапгершілікке тартылған болатын. Алайда, бұдан сабақ алмаған тәрбиешілер мен олардың күтушілері балаларға қол жұмсау әдетінен арылмаған. Қазір күдікті ретінде танылған мамандар уақытша жұмыстан шеттетілді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Орталықта 60-ға тарта бала ем алады.

АСХАТ ӘТЕКЕЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Осы фактілер кеш және түн уақытында орын алған. Балаларды ұйқыға жатқызу кезінде тәрбиешімен денелерін ұрып соғуды анықтадық. Бүгінгі күнге біз тек екі балаға қатысты ғана ұру фактілерін анықтадық. Тексерулер әлі жалғасуда. Олар қазан айының аяғына дейін жалғасады. Керек кезде біз осы тексерулерді әрі қарай жалғастырамыз.