Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған сәбидің өлі денесі табылды. Аталған оқиға бойынша Алматы облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Іздестіру іс-шаралары барысында баланың биологиялық анасы анықталған. Баласын өлтірді деген күдікпен ұсталып, ауруханаға жатқызылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.