$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан мен Қырғызстанның Парламентаралық кеңесінің екінші отырысы өтті

31.10.2024ж. 20:00
261
Қазақстан мен Қырғызстанның Парламентаралық кеңесінің екінші отырысы өтті

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғызстанға ресми сапары аясында Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевпен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысына қатысты. Қошанов жиында Президенттің бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер туралы айтты. Мәжіліс қабылдаған «Ұлттық қор – балаларға», әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, құмар ойынға тәуелділік пен есірткі өндірісіне қарсы күрес туралы заңдарға тоқталып, маңызын түсіндірді. Кездесу соңында Нурланбек Шакиевке екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Достық» ордені табысталды. Ресми сапардың екінші күнінде Төрағаның Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесуі жоспарланған. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің байланысымыз күн санап нығайып келе жатқаны бізді айрықша қуантады. Оған, әрине, бірінші кезекте елдеріміздің көшбасшыларының берік достығы мен жүргізіп отырған сындарлы саясаты зор ықпал етуде. Мемлекеттеріміздің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындап, оларды одан әрі ілгерілету бойынша нақты міндеттерді қойды. Сондықтан жоғары деңгейде барлық уағдаластықтардың уақытылы орындалуы Парламентарлық ынтымқтастық кеңесінің айрықша назарында болуы қажет деп біз ойлаймыз.