$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Короліне көңіл айтты

AstanaTV
31.10.2024ж. 18:47
468
Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Короліне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың басспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты.

– Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.