$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Ақтаулық дәрігерлер жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалды

AstanaTV
31.10.2024ж. 23:00
112
Ақтаулық дәрігерлер жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалды

Жатырдағы баланың ішектері денесінің сыртына шығып кеткені белгілі болған. Табиғи жолмен дүниеге келген шақалаққа 12 сағаттан кейін күрделі операция жасалды.

Екі сағатқа созылған емдік шара сәтті аяқталды. «Қазір оның өміріне ешқандай қауіп жоқ», – дейді дәрігерлер.

Жалпы осындай операция Ақтауда биыл екінші рет жасалып отыр.

Насухан Отарғазиев, көпбейінді балалар ауруханасының хирург дәрігері: - Әрине, бұл – өте қиын операция. Алғашында өте үлкен тәуекел болды баланы операцияға алуға. Диаметрі үлкен ішектерді орнына орналастыру. Қалпына келе ме, келмей ме дегендей. Аллаға шүкір, бәрі ойдағыдай. Ұжымдық жұмыстың арқасында баланың өмірі аман-сау алып қалынды.

Маржан Қарасаева, қала тұрғыны: - Біз үшін күтпеген жағдай болды. Естімедік ондай затты. Артынан зерттеп қарасақ, ондай сәтті шыққан операциялар жоқтың қасы екен. Келгенімізде бізге үміт сыйлады. Алғысымды айтқым келеді ана ретінде, әже ретінде.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.