Атырау облысы Махамбет ауданындағы орталық саябақ тазаланды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауданда бұған дейін де көше, аллеялар апта сайын жаңартылып келеді. Бұл жолы да аумақтағы қураған жапырақтар мен түрлі тұрмыстық қалдықтар жиналып, сәні кіріп қалды. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы облыс бойынша 1700 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды. Тазалық жұмыстарына 60 мыңнан астам адам қатысты. Осындай шаралар облыс орталығы мен аудандарда әр апта сайын өтіп тұрады.
НҰРБЕК БАҒЫТЖАНОВ, МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:
Таза бейсенбі акциясы аясында біздің аудан орталығында саяжайларда, бау-бақшаларда тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Дәл осы акцияға мекеме қызметкерлерінен бөлек аудан жастары, белсенді жастар жақсы қатынасуда.
РУСЛАН ӘЖЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Осы акция аясында жалпы елімізді, ауданымызды көркейту мақсатында өзіміздің үлесімізді қосудамыз. Бұл акция алға қарай да жалғасын таба береді деген сенімдемін.