$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында бір жылда 11 500 адам қаржылық сауаттылығын арттырған

01.11.2024ж. 20:00
200
Алматыда «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында бір жылда 11 500 адам қаржылық сауаттылығын арттырған

Алматыда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Принтмедиа технологиялар колледжінде «Қаржылық сауаттылық – табыстың кілті» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шарада қаржылық сауаттылықтың жеке және кәсіби даму тұрғысында маңыздылығы мен жеке бюджетті басқару мәселелері қозғалды. Оған қоса, түрлі жолмен ақша жымқыратын алаяқтардан қорғанудың ең оңтайлы жолдары туралы айтылды. Жеке кәсіп ашып, жылдық табысын арттыруды көздеп жүрген жандарға кеңес берілді. Айта кетейік, Алматыда 6 сарапшы қаржылық сауаттылық бойынша апта сайын тегін дәріс өткізеді. Семинарға «Қарызсыз қоғам» бойынша дәріс жүргізіп жүрген сарапшылар қатысып, колледж оқытушыларына практикалық әдіс-тәсілдерді арнайы ойын түрінде көрсетті. Бүгінде 11500 алматылық «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тегін сабақ алған. 

ӘЛИ НӘСІПҚАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қазір елімізде жұмыс жасайтын 10 млн қазақстандықтың 9 млн-ы несиесі бар. 80 пайыз студенттің несиесі бар екен бүгінгі күнде. Соған байланысты «Аманат» партиясы шет қалмай, «Қарызсыз қоғам» жобасын былтыр 2023 жылы бастаған болатын. Пилоттық режимде 8 өңірде өткізді, 65 мың адамды қаржылық сауаттылық бойынша оқытудан өткізді.

ГҮЛЗАДА АБДУЛЛАЕВА, ПРИНТМЕДИА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ;

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі соңғы жолдауында, қазақ халқына жолдауында қаржылық сауаттылықты арттыру жолға қойылсын деген болатын. сол мақсатты іске асыру бойынша барлық Қазақстан азаматы, білім алушы болсын, оқытушы болсын, жай жұмысшы болсын, жалпы қаржылық сауаттылығы болуы қажет деп ойладық.