$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел адам үй иесінің қолынан қаза тапты

01.11.2024ж. 20:00
163
Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел адам үй иесінің қолынан қаза тапты

Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел адам үй иесінің қолынан қаза тапты. Оқыс оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған. Танысы оларды қонаққа шақырған. Кешкі ас кезінде өзара сөзге келіп қалып, қонақ үй иесін жұдырықтаған. Алайда, кегін қайтарғысы келген үй иесі әйелді жазым етіпті. Ал қонаққа келген ер адам ауруханадан бірақ шықты. Қазір оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. 

ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз.