$498.34 €519.72 ₽4.85
×

2025 жылдан бастап мүгедекті дәлелдеу жеңілдейді

01.11.2024ж. 20:00
164
2025 жылдан бастап мүгедекті дәлелдеу жеңілдейді

2025 жылдан бастап мүгедекті дәлелдеу жеңілдейді. Енді азамат апатқа тап болып, қолың не аяғын жараласа операция өте сала мерзімсіз төлем тағайындалады. Бұрыңғыдай құжат жинап, жауап күтудің қажеті жоқ. Дауна синдромымен дүниеге келген балалар үшін де құжат тапсыру алынып тасталады. Бұл, әсіресе, шалғай ауылдарда тұратындар үшін үлкен жеңілдік. Бұдан бөлек, қалаға келуі қиын ауылдағы халық үшін әкімдік ішінен оңалту қызметін ұйымдастыру жоспарланған. 

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметтер лицензиялаудан өтеді. Бұл орталықтардың бәрі де бірнеше шартқа сәйкес өздерінің жұұмысын құру керек. Бүгінгі күнде ең басты, маңызды сұрақ – әлеуметтік қызметтердің сапасы. Сол сапаны қалай көтеру, қандай жағдай жасау, сол сұрақтармен біз өзіміздің жұмысымызда біраз өзгеріс енгіздік.