$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау облысында  биыл 350 шақырым жол салынып жатыр

01.11.2024ж. 20:00
133
Атырау облысында  биыл 350 шақырым жол салынып жатыр

Елімізде жол сапасы бойынша бұған дейін антирейтинг басында тұрған Атырау облысында  биыл 350 шақырым жол салынып жатыр. Облыстық,  маңызы бар жолдан бөлек қала, аудан, ауылдарда  тас жол құрылысы қызу жүруде. Оған қазынадан бөлінген қаржы да қомақты. Дегенмен құрылысқа салдыр-салақ қарайтын мердігер мекемелер де жоқ емес. Миллиардтарға салынған жолды су шайып кетпей ме? Тілшіміз  тарқатады. 

Бұл жердегі жол қалыңдығы стандартқа сай. Алайда осы көшенің келесі аумағында керісінше стандартқа жетпей қалды. Жол сапасын тексерушілер бірден хаттама толтырды.  Ұлттық сапа орталығы мамандары жыл басынан бері 430 рет жолға шыққан. Ақау жиі кездеседі,- дейді олар. 

ЕРЛАН ҚАПАРОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ»АОФ  ИНЖЕНЕРІ:

Ақаулықтар әрине болады. Бастысы күтіп  ұстау жұмыстары жағында ойықтар, жол бойында жарықтар олар сәйкесінше болады жұмыс боласын. Уақытымен  кемшілікті жазып, толтырылып, мердігер мекеме мен заказчиктерге хатын жолдайтын боламыз. Керн қалыңдығы келмейтін кездері болды. Онда біз инженерлер қалыңдығын қараймыз, әрі қарай зертханамызға тапсырылатын болады. 

Зертханада  әр қабатын, нығыздығын, су өткізгіштігін зерттейді. Әр кернге штрих салынады. Сондықтан керн кескіндері қай көшеден алынғаны, қай мердігердің жұмысы екені белгісіз.  Сәйкесінше,  бармақ бастылыққа жол жоқ,- дейді мұндағылар. Атырау облысында биыл  350 шақырым жол төселуде.Облыстық маңызы бар жолдарда ірі-ірі жобалар  қолға алынды, Бөлінген қаржы да аз емес,  74 млрд теңге. Оның  7,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен. Қалғаны - жергілікті қазынада.  

ЕРЖАН  ХАЙНУЛЛАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Басқа облыстардан мердігер мекеме келеді де , субподрядқа беру, субподрядтар бір техникасы болса, бір техникасын жалға алу деген сияқты проблемалары болып, жолдың мысалы салу құрылысына кесірін тигізеді. Біз өзіміздің техникалық қадағалаушымыз бар соны тексеріп қараймыз.Қалыпқа келтірмейінше қабылданбайды. 

Мамандардың сөзінше, көктемгі су тасқыны кезінде  су шайып кеткен автокөлік жолдарын қалпына келтіру үшін ел қазынасынан тағы  5,9 млрд теңге  бөлінбек. Яғни,  қаржы жеткілікті. Тек  асфальт қыстағы қармен еріп, миллиардтардың сайда санын, суда ізін таппай қалмасақ болғаны.