$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда электронды сауда мен қызмет көрсету көлемі 3 жылда 6 есе артқан

AstanaTV
01.11.2024ж. 20:00
141
Қазақстанда электронды сауда мен қызмет көрсету көлемі 3 жылда 6 есе артқан

Қазақстанда электронды сауда көлемі 3 жылда 6 есе өскен. Атап айтсақ, 2020 жылы түрлі маркетплейстерді қолдану арқылы айналым 476 млрд теңгедан асқан. Былтыр көрсеткіш 2,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы еліміздің сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты. Дегенмен, бұнымен тоқтап қалмаймыз дейді, - ведомство басшысы. 2027 жылға дейінгі электронды сауданы дамыту жоспары жасалған. Оған сәйкес, заңнамаға өзгеріс енгізіліп, кәсіпкерлерді оқыту және сауда платформаларымен жұмысты реттеу секілді шаралар қолға алынбақ. 

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:

Бүгінгі таңда электронды сауда саласы экономикапның маңызды бөлігін алып жатыр. Жыл сайын қолдану аясын ұлғайтуда. Интернетте тауарларды сатып алу, қызмет көрсетуге тапсырыс беру – өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстанда 2020-ы жылдан бастап электронды сауда көлемі 5 есе ұлғайды. 23 жылдың қорытындысы бойынша электронды сауда үлесі 12,7 пайызды құрады.