$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«AMANAT» партиясының мониторинг тобы әлеуметтік мекемелердегі келеңсіздіктерді анықтады

01.11.2024ж. 20:00
228
«AMANAT» партиясының мониторинг тобы әлеуметтік мекемелердегі келеңсіздіктерді анықтады

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы арнаулы әлеуметтік мекемеден жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі табылды. Бұл келеңсіздікті «AMANAT» партиясының мониторинг тобы анықтады. Бұл орталықта жүйке ауруына шалдыққан азаматтар емделеді. Тексеруші топ мүшелерінің айтуынша, қан аздығы дертіне шалдыққандарға берілетін бір құты дәрінің мерзімі төрт ай бұрын өтіп кетіпті. Мамандардың мұндай салғырттығы науқастардың денсаулығына залал келтіруі мүмкін.

Жанат НҰРМАҒАМБЕТОВА, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ БҚО БОЙЫНША ӨКІЛІ:

Бір упаковка дәрінің сроктары уже өтіп кеткен. Маусым айында. Уже төрт ай өтті ғой. Олай болмайды, ертең бір қате болып кетсе, бәріміз де жауап береміз. Ходатайство жібереміз. Осы дәріні дұрыс қабылдамаған адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тартамыз.

Мониторинг тобы аудандағы білім ошақтарының қаншалықты талапқа сай екеніне зер салып, бастауыш класс оқушыларының ыстық тамақпен қалай қамтылғанын да тексерді. Мектеп асханасындағы көкөністі сақтау ісіне сын айтқан тексерушілер дабыл түймесінің қолданылуын жеңілдетуді ұсынды. Сондай-ақ интернаттағы бейнебақылау жүйесін орталықтандырылған желіге қосу керектігі айтылды. Мұндай тексеру былтыр облыстың барлық ауданында жүргізілген. Тексерушілер бұл жұмысты биыл да жалғастырмақ. 

Азима ҒҰБАШЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Білім беру ұйымдарында қолжетімділік, яғни мектепке ену бойынша тактильді тақталардың болуы, терезелердің балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы сақтандырғыш құралдарын қою жөнінде ұсынбалар берілді. Бір ай мерзімінде орындалуы аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының құзырына жүктеледі.