$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Биылғы оқу жылында 30 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанға оқуға келді

01.11.2024ж. 20:00
339
Биылғы оқу жылында 30 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанға оқуға келді

Биылғы оқу жылында 30 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанға оқуға келген. Бұл соңғы екі жылмен салыстырғанда 10 мың студентке көп. Бұл туралы министр Саясат Нұрбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS пре-саммитінде айтты. Халықаралық шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Жиынға 150 мемлекеттен келген 350-ге жуық жоғарғы оқу орны ректорлары, халықаралық сарапшылар және қазақстандық жоғары білім басшылары қатысты.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Қазақстанның жоғары оқу орындары әлемдік университеттермен серіктестікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Әлемде ауқымды үш рейтинг бар. Ең маңыздысы – QS халықаралық рейтингі. Бұл рейтингке Қазақстанның 21 университеті қатысады. Соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті отандық университеттер арасында көш бастап, 163-орында тұр.

Айта кету керек, биыл министрлік тұңғыш рет отандық ұлттық университеттердің рейтингін жасап шығарды. Ол әлемдік сарапшыларымен бірлесіп дайындалды. Шетелден келген өзге университет өкілдері Қазақстанның білім сапасын жоғары бағалады. 

НАЙДЖЕЛ ХИЛИ, ЛИМЕРИК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз мұнда Қазақстандағы білім беру саласының деңгейін білуге келдік. Қазірдің өзінде 43 шетелдік университет Қазақстанның жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатуда. Бұл жоғары білім секторының ғылыми-зерттеу және академиялық көрсеткіштерін тез көтерудің бір жолы.