$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында былтыр 11 215 адам оқытылған

01.11.2024ж. 20:00
484
Жамбыл облысында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында былтыр 11 215 адам оқытылған

Жамбыл облысында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өткен жылы 11215 азамат оқытылған. Ал биыл берілген меже- 8500. Қазір он айдың ішінде 8097 адам қаржылық сауаттылығын арттыру курсынан өткен. Оның 67 пайызы әйел болса, басым көпшілігі көпбалалы аналар. Жамбыл ауданы Гродикова ауылының тұрғындары да жақсылығы мол жобаның арнайы сертификатын алдық деп қуанып отыр. Себебі, дәрістен өтіп, сабағын бойына сіңіргендер тегін грант алып жаңа бизнесін бастауға болады. Сол үшін олар бір апта бойы арнайы мамандардан қаржыны басқару бойынша кеңестер алып, білімдерін жетілдірген. Сондай-ақ, заңгерлер әрбір қатысушының несиелік тарихын талдап, қарыздық жүктемені азайту бойынша ұсыныстар берген. Әр адамның қаржыны тиімді жұмсауына, ойлаған ойын жүзеге асыруына бұл жобаның қоғамға берер пайдасы мол дейді қатысушылар. 

ҒАЛИЯ АСҚАРОВА, ГРОДИКОВА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Беріп жатқан дәрістің, өте несі маған қатты ұнады. Бізге қажет па, біз барамызда кредит ала саламыз. Алайда оны ойланып барып неғылу керек екен. Сөйтіп біз долговой ямадан шығамаймыз. Сол грантты алалсам, ілінсем сол грантқа мен сол бизнес планға клубника албенной сортын алып неғылсам ба деп едім.