Сингапурда жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Қазақстан құрамасы екі ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аделаида Пчелинцева 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде жаңа рекорд орнатты. Қорытынды көрсеткіші 01:07.74-ке тең болды.
Ғалымжан Балабек 400 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Қазақстан рекордын 03:47.52 нәтижесімен жаңартты.
Сондай-ақ, Егор Попов ӘКМ финалында 200 метр қашықтықта арқамен жүзуден бесінші нәтиже көрсетті.