$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өз қызын зорлаған павлодарлық изоляторда көзін ойып алды

AstanaTV
01.11.2024ж. 21:07
241
Өз қызын зорлаған павлодарлық изоляторда көзін ойып алды

Павлодарда кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған ер адам тергеу изоляторында отырып, өзінің бір көзін ойып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1971 жылы туған ер адам кәмелетке толмаған қызын бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін қызына зорлық көрсеткен.

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерге қатысты үкім шығарды.

Сот ер адамды 120-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған баланы ата-анасының зорлауы" және 121-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған балаға қатысты ата-анасының жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп тауып, 20 жылға соттады.

Сондай-ақ, сотта тергеу изоляторында отырған кезде сотталушы көзінен айырылғаны белгілі болды.

Сотталушының сол көзі көрмейді, тергеу изоляторында ол оң көзін шегемен ойып алып, өзін-өзі жаралады, - деді судья Нұрлан Айтбаев.

Қазір сот айыпталушыны арнайы медициналық комиссияға жіберу мәселесін қарап жатыр. Комиссия оның денсаулық жағдайын тексеріп, жазасын одан әрі өтеу немесе мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдайды. Іс материалдарында Алматы қаласында жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бар. Сарапшылар сотталушының жағдайына “өз іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсініп, басқара алады” деген баға берді.