Әнші Мақпал Жүнісова желіде сазгер Арман Дүйсеновпен сахнада бірге болған видеосын жариялап, оны есіне алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Осындай естелік видео келді, мен үшін әлі осы өмірде жүргендей. Топырағың торқа болсын!", – деп жазды ол.
Өнер иесі бейнежазбада сахнаға дайындықсыз шығып, композитормен дуэт орындаған.
“Сырласу бағдарламасынан шығып, осында келдім. Залда Арманның отырғанын көріп қалып, шақырып алдым. Рояльсыз және ешқандай дайындықсыз ән орындап берейік”, – деді Халық әртісі.
Кенет сахнаға көтеріліп келе жатқан марқұм сазгердің аяғы тайып кетіп, құлап түседі.
“Көрдіңдер ме, менің қасыма келетін жігіттер осылай құлайды. Сол үшін де маған ешкім жоламайды. Өйткені біледі арты неге апарып соғатынын”, – дейді әнші.