$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан құрамасының 7 боксшысы әлем чемпионатының алтынына таласады

AstanaTV
02.11.2024ж. 07:12
179
Қазақстан құрамасының 7 боксшысы әлем чемпионатының алтынына таласады

Қазақстандық боксшылардың жетеуі Черногорияның Будвада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Черногорияның Будвада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалында Қазақстан намысын 7 боксшы қорғайды. Оның төртеуі ұл болса, үшеуі қыз. Финалдық жекпе-жектер 2-3 қараша аралығында өтеді.

Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары:

51 кг: Бексұлтан Боранбек – Джастин Морено (Колумбия);

67 кг: Төрехан Сабырхан – Давид Эспиноза Сантоя (Куба);

71 кг: Өнер Сейілхан – Алексей Гуков (Ресей);

75 кг: Санжарәлі Бегалиев – Джафарбек Шахбазов (Өзбекстан);

50 кг: Елянұр Тұрғанова – Карла Пики (ХБА бейтарап спортшысы);

66 кг: Ұлдана Таубай – Кайла Дойл Бирн (Ирландия);

81 кг: Аружан Зейноллаева – Рухшона Папиева (Өзбекстан).

Айта кетейік, Будва бәсекесінің жартылай финалында Қазақстан құрамасы сапынан 17 спортшы (8 ер, 9 әйел) сынға түсті. Оның ішінде 10 боксшы жеңіліске ұшырап, қола жүлде еншіледі.