$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел үй иесінің қолынан қаза тапты

AstanaTV
02.11.2024ж. 12:29
219
Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел үй иесінің қолынан қаза тапты

Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел үй иесінің қолынан қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Астана арнасы жазғандай, оқыс оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған.

Танысы ер мен әйелді қонаққа шақырған. Кешкі ас кезінде өзара сөзге келіп қалып, қонақ үй иесін жұдырықтаған.

Алайда, кегін қайтарғысы келген үй иесі әйелді жазым етіпті.

Ал қонаққа келген ер адам ауруханадан бір-ақ шықты. Қазір оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. 

 «Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз», – деді Павлодар облыстық ПД ресми өкілі Жанна Біләлова.