$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

AstanaTV
02.11.2024ж. 21:35
285
Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Батыс өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Қайрат Шырақбаев жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккендерге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 31 қазан күні сағат 14:40 шамасында Ақтаудағы шағынаудандардың бірінде болған.

Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сол маңда жүрген кіші сержант Шырақбаев апатқа куә болды. Ол уақыт жоғалтпастан, бірден көмекке асықты. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.

"Жағдайды бағалай отырып, мен зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенге дейін азаматша өз-өзіне келді", - дейді ұландық сержант.

Осылайша, ұландық жауынгердің жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында апаттың ауыр зардабына жол берілмей, зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметкерлеріне дер кезінде тапсырылды.