Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұр Отан» партиясы науқас балалардың емделуіне қол ұшын созды

AstanaTV
02.05.2017ж. 20:00
2810
«Нұр Отан» партиясы науқас балалардың емделуіне қол ұшын созды

«Нұр Отан» партиясы науқас балаларға көмектесті. Екі жылдан бері Республикалық диагностикалық оралықта ем қабылдауға қолдары жетпей жүрген отбасы партияның қоғамдық қабылдауына жазылған.

Бес жасар Аяулым мен Арайлым - егіздер. Туа біткен церебральды паралич дертіне шалдыққан. Бір айдан бері ем-дом қабылдап жатыр. Аналарының айтуынша, қазір жүрістері ширап, денсаулықтары оңалған.

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына 131 адам денсаулығына қатысты шағымданып келген. Барлығы 51 адамаға көмек көрсетілген. Соның ішінде 5 бүлдіршін Ресепубликалық диагностикалық оралықта тегін емделуге жеңілдік алған.

Бәтима Амангүл, Астана қаласының тұрғыны:

Екі жыл келе алмай жүрдік. Кезекте тұрдық, келмейді, келмейді. Күтіп, содан "Нұр Отанның" қалалық филиалына бардық қабылдауына. Содан бізді осында жіберді, бір айдан бері ем алып жатырмыз. Партия екі ай ішінде көмектесті.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ