$493.85 €519.04 ₽4.97
×

Петропавлда екі жасөспірім төбелесіп, біреуі ауруханаға жатқызылды

AstanaTV
03.11.2024ж. 21:42
182
Петропавлда екі жасөспірім төбелесіп, біреуі ауруханаға жатқызылды

Петропавлда жасөспірімдер төбелесіп, олардың бірі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SM.kz сайтына сілтеме жасап.

Төбелес 2 қараша күні кешке Интернациональная көшесінде болған. Төбелескендердің бірі 17 жастағы жасөспірімге жедел жәрдем шақырылып, ол ауруханаға жатқызылды.

Төбелескен екінші бала да кәмелетке толмаған екені анықталып, полицияға жеткізілді.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыс жасады деген күдікпен А-ны полиция қызметкерлері Кәмелетке толмаған қала тұрғынын өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр, кәмелетке толмаған бала да профилактикалық бақылауға алынды", - деді полиция.

Қазір қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Павлодарда куәгерлер Polisia деген жазуы бар ғимараттың маңында жігіттер арасындағы төбелесті түсіріп алған. Екі адам үшінші адамды соғып, оны тепкілей бастаған, кейін қозғалмай қалған адамды жерде қалдырып кеткен сәті түсірілген. Қалалық полиция департаменті төбелес болып жатқан ғимарат полиция бекеті емес екенін айтты.