$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада дәстүрлі World Skills ұлттық чемпионаты бастау алды

AstanaTV
02.05.2017ж. 20:00
2744
Астанада дәстүрлі World Skills ұлттық чемпионаты бастау алды

Астанада дәстүрлі World Skills ұлттық чемпионаты бастау алды. Алдағы бес күн бойы еліміздің барлық өңірінен жиналған 300 жас маман өз кәсіби біліктілігін дәлелдеп, өзара кім мықтыны анықтайды.

Олар үздік аспазшы, құрылысшы, шаштараз және дәнекерлеуші сынды 30 салада сынға түседі. Ал жүзден жүйрік шыққан жас таланттар қазан айында Абу-Даби қаласында өтетін байрақты бәсекеде жолдама алады. World Skills чемпионаты біздің елімізге үш жыл бұрын келді. Халықаралық байқауға қазір әлем бойынша 70 мемлекет қатысады.

Эльдар Жұмағазиев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

Бұл чемпионаттың жастар үшін берері мол. Жүз адам қатысқан болса былтыр, қазір республикалық чемпионатқа 300 адамға дейін барлық өңірлер келіп отыр. 15 мамандықтан қатысқан болса, биыл 30 мамандық еселеп өсіп отыр. Біздің колледждерде алған дәнекер мамандығы болса, ол басқа да дүние жүзінде жұмыс жасауға мүмкіндігі болу керек. Және оқу базасы соған сәйкес келу керек.

Бекзат Шайхин, сайысқа қатысушы:

Мен шатыр жұмыстарын жасаумен айналысамын. Сайыс кезінде макеттерді арнайы материалмен қаптаймыз. Осы байқауға екі ай бойы тыңғылықты дайындалдым. 

Елдос САПАРҒАЛИ