$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 Telegram-арна бұғатталды

AstanaTV
04.11.2024ж. 11:16
175
Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 Telegram-арна бұғатталды

Шымкент қаласы прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректеріy анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

ҚР Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдарын анықтады, - делінген хабарламада.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде, «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды.

Сондай-ақ, қала прокуратурасы бұл бағытта жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.