$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандықтар Ливаннан аман-есен оралды

AstanaTV
04.11.2024ж. 11:35
287
Қазақстандықтар Ливаннан аман-есен оралды

Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдарының қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Операция Ыстамбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.