$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Әкімдер енді қоқыс үшін жауапкершілікке тартылады

AstanaTV
04.11.2024ж. 15:08
260
Әкімдер енді қоқыс үшін жауапкершілікке тартылады

Бүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті экологиялық мәселе - қоқыс үйінділері. Ұзақ жылға созылып келе жатқан мәселе әлі жөнді шешімін таппай келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес 4897 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың жойылғаны 2596-і немесе 53%. Ғарыштық мониторинг аумағы 2447 елді мекендегі қоқыс үйінділерін көрсеткен. Оған республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, ірі елді мекендер және мемлекеттік ұлттық парктер кіреді.

Стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуына қарсы шараларды қабылдамағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, қоршаған ортаның ластануының алдын алуды күшейту мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске келесі түзетулер енгізуді ұсынып отыр:

  • өкілетті органға әкімшілік іс қозғау құзыретін беру;
  • ⁠экологиялық рұқсатсыз қалдықтарды жинау және көму үшін санкцияларды қатаңдату;
  • әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған жағдайда тексеру тағайындаусыз әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Бүгінгі таңда республика бойынша 3 мыңнан астам қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар, олардың 619-ның (21%) тиісті жобалық және рұқсат беру құжаттары бар. Полигондардың және қоқыс орындарының көпшілігі асыра толтырылған және қалпына келтіруді қажет етеді. Экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін полигондардың ең аз үлесі Павлодар, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстарда орын алып отыр (Павлодар облысы-5 (полигондардың жалпы санының 1,56%), Солтүстік Қазақстан облысы – 11 полигон (2,4 %) және Абай облысы – 5 (2,9%).

Министрлік Экология кодексіне аталған бағытта тиісті түзетулер жобасын ұсынады. Сонымен бірге 2023 жылы 100 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 8 полигонының қуатын кеңейту, 5 полигонды рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жоспары Премьер-Министрдің бірінші орынбасарымен бекітілді, - деді Экология министрі Ерлан Нысанбаев.