$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Акция қатысушылары "Тұран" мөлтек ауданының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді

Акция қатысушылары "Тұран" мөлтек ауданының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы тұрақты түрде өтіп келеді. Кезекті тазалық шарасы Қаратау ауданының Тұран шағын ауданында ұйымдастырылды. Оған партияның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенді жастары мен студенттер қатысты. Акцияға жалпы 100-ден астам азамат атсалысты. Тазалық акциясы барысында елдімекеннің аумағында шашылған қоқыстар жиналып, қураған шөптер мен ағаштардан тазартылды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында маусым айынан бастап ұйымдастырылып келе жатқан акцияға 3 мыңнан астам адам қатысып, 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 

МҰХАМЕДЖАН МЫРЗАХАН, СТУДЕНТ:

Бұл тазалық шарасына өзім апта сайын қатысамын және өзімнің достарымды да шақырамын. Жалпы қаламыз таза болса еліміз де таза болады. Бұндай шаралар алда тағы да көптеп бола берсін, негізі бола бергені дұрыс деп ойлаймын өз ойым.

МАҚСАТ ЖОЛДАСБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қаламыздың барлық аудандарында осындай экологиялық акциялар өтіп жатыр. Бұл акцияның негізгі мақсаты осы азаматтар арасында экологиялық тазалыққа қатысты азаматтардың мәдениетін қалыптасыру. Азаматтар өзінің осы қоршаған орта деген жауапкершілігін сезінсе... Өмір сұріп жатқан жерін таза ұстауға өз үлесін қосса, шашпай жүрсе деген ниетпен осыны ұйымдастырып жатырмыз.