$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Келер жылы пәтер бағасы 5-7%-ке қымбаттайды",- экономист

04.11.2024ж. 20:00
124
"Келер жылы пәтер бағасы 5-7%-ке қымбаттайды",- экономист

Елімізде пәтер бағасы көтерілуде. Қайталама нарық 5 пайызға, ал жаңа тұрғын үйдің құны 2 процентке өскен. Мамандар бұған сұраныстың артуы себеп дейді. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 15 пайызға өсті. Айта кету керек, биыл тұрғын үйді сатып алу бойынша 31 мыңға жуық мәміле жасалған. Баспаналы болғандардың басым бөлігінің таңдауы бір бөлмелі пәтерге түсті. Жалпы саны 11 мыңы саудаланған. Мамандар келер жылы баға тағы көтерілуі мүмкін дейді.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Біздегі құрылыс материалдарының 60 пайызы сырттан келетін болғандықтан, оны біз доллармен сатып алғандықтан, қазіргі доллардың жағдайын білесіздер, 500-ге таяп қалды. Ол үйдің өзіндік бағасына әсерін тигізеді. халықтың төлем қабілеті бұрынғыдай емес. Банктер де тұтынушыларына талапты қатайтып тастағаны белгілі. Айналып келгенде үйдің бағасы 5-7 процентке өсуіне әкеледі. Одан да жоғары болып кетуі әбден мүмкін.