$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда ұлынан айырылған ана әділдікті талап етуде

04.11.2024ж. 20:00
171
Атырауда  ұлынан айырылған ана әділдікті талап етуде

«Ұлыңызды іздемей-ақ қойыңыз. Ол суға батып кетті». Атырауда белгісіз жағдайда суға кеткен жасөспірімнің ата-анасы тергеудің тым салғырт жүріп жатқанына наразы. Айтуынша, сол күні ұлы Мерланның қасында болған достары жоғары сыныптың оқушысы Жайық өзеніне итеріп жібергенін көргенін айтқан. Содан бері қайта-қайта тергеуші ауысып, кінәлілер бостандықта жүр,- дейді қайғыдан қан жұтқан ана. 

Қайғылы оқиға тамыздың 21 –і күні дәл осы жерде болған. 13 жасар Мерлан егіз сыныптасы телефон соғып, шақырғанын айтып, үйден шығып кеткен. Ұлының кешіккеніне уайымдаған анасы өзі іздеп шығыпты. Ойын алаңында жүрген көрші бала Мерлан қайтып келмейді, ол суға кетті,-депті. Іле-шала егіз сыныптасының үйіне жүгірдім,- дейді ол. Олар да осы сөзді қайталаған. Жасөспірімнің денесі 24 тамызда ғана табылды. Содан бері ата-анасы мен туыстары полиция мен прокуратураның табалдырығын тоздырып жүр.

АНАРГҮЛ ҚАСАНТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ғабит Жақсылықұлы болды тергеуші, сол жерден жауап алған балалардан. Киімді алмайсың ба дегенде киімнің қажеті жоқ деп баламның киімін алған жоқ. Екінші тергеуші тағайындалды Әсет деген. 2 тергеуші де тұрыс тергемеген оларды да жұмыстан шығарсын. Менің қазіргі талабым 8 баланың 8і де жазаларын алсын, олардың ата анлары да білген Мерланның суға кеткенін айтып барған.

Мерлан- екі қыздан кейінгі, үйінің кенжесі. Болашақта майор боламын деп, құқық қорғау мамандығын таңдап жүрген. Ол жүзу білмейді, деген ата-анасы сол күні жағаға неге барғанын біле алмай дал. Тіпті сараптама қорытындысына да сенбеймін,- дейді. Оқиғаға қатысты балалар еш жазасыз, жүргеніне наразымын,- дейді. Полиция тергеу құпиялылығына байланысты істі ашып айтпады.

ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Жасөспірімнің өліміне қатысты қазіргі уақытта ҚР ҚК104 бабына сәйкес қылмыстық іс тергелуде, яғни «Абайсызда қазаға ұшырату» дерегі боЙынша сотмедициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Алайда жәбірленуші тараптың адвокаты тергеу барысында көп нәрсеге көз жұма қарап отыр,- деп есептейді. Айтуынша, ауыл ішінде жоғары сыныптың оқушысы ақша жинайды, қалтасына бәкі салып жүреді, балаларды басқарады деген деректер де тексерілмеген. Одан бөлек жанама пиғылды дәлелдеу арқылы бапты өзгерту керек,- деген пікірде.

МАҚСОТ ТӨЛЕНБАЕВ, АДВОКАТ:

Ол бала итергенде суға түсіп батып кету мүмкін екендігін біліп тұрып, бірақ та соны істеп тұр. Сондықтан бұл жанама пиғылмен 99-баппен дәрежелеуге жатады деп ойлаймын. Себебі жанама пиғыл дегенді прокуратура да, тергеу органдары да ұмытып кетті. Жағада тұрған Мерланды артынан келіп итеріп жіберген суға түсіріп жіберген. Белінен итеріп, ол туралы көрсетіп отырған балалар бар іс бойынша. 4-5 бала бар.

Жалғыз ұлынан айырылған ата-ана әділдікке қол жеткізбейінше, күресе беремін деп отыр.