$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда бір мезгілде бірнеше банктен несие рәсімдеп, оны төлей алмай жүргендер көбейіп кеткен

04.11.2024ж. 20:00
162
Атырауда бір мезгілде бірнеше банктен  несие рәсімдеп, оны төлей алмай жүргендер көбейіп кеткен

Атырауда бір мезгілде бірнеше банктен несие рәсімдеп, кейін оны уақытында төлей алмай, қарызға батқандар көбейіп кеткен. Бұқараның қаржылық білімін жетілдіретін «Қарызсыз қоғам» жобасының сарапшылары осылай дейді. Тіпті еңбек етіп, бір тиын табыс таппаса да, кәмелетке тола сала тұтынушылық несиеге ұмтылатын студенттер де бар. Әлеуметтік жоба аясында жыл басынан бері аймақта бес мың бес жүз адам қаржылық сауатын арттырған. Тағы бес жүзі жыл соңына дейін оқытылады. Бес күн бойы отбасылық бюджетті құрастыру, несие мен қаржы тұзағына түспеу жолдары, алаяқтық әрекеттерді ажырату, банкроттық рәсімінде өз құқықтарын қорғау бағытында жан-жақты түсіндіреді. Тіпті мемлекеттік субсидиялар, қайтарымсыз гранттар туралы да ақпарат берген. Ал соңында заңгер жекелеген азаматтарға тегін көмек көрсетеді. 

САЛАМАТ ИСМАҒҰЛОВ, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ:

Графикке қою, қайта құрылымдау мәселелері бойынша заңгердің тегін көмегі беріліп жатыр. Бүгінгі күні 34 адамның несиесі бойынша банкроттық рәсемдеу көзделген 78 миллион теңгеге. Одан бөлек 188 адамның шоттарындағы немесе мүліктеріне қойылған арестерді шештік. Одан бөлек басқа амалдарын жасап жатырмыз.