$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан облысында экстремистік ұйымның тобы жойылды

Түркістан облысында экстремистік ұйымның тобы жойылды

Түркістан облысында “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік ұйымының мүшелері ұсталды. Кентау қаласында жасырынған топ мүшелерін Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен құрықтады. Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізуге бағытталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды, -делінген ІІМ таратқан ақпаратта. Топ мүшелері “Хизб-ут-Тахрир” шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.