$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түнгі 23:00 кейін көшеде жүрген балалар қандай жауапкершілікке тартылады?

AstanaTV
04.11.2024ж. 20:00
259
Түнгі 23:00 кейін көшеде жүрген балалар қандай жауапкершілікке тартылады?

Кәмелет жасқа толмағандар түнгі 11-ден кейін бей-берекет жүрсе, өзі де, ата-анасы да жазаланады. Ойын-сауық орталығына, компьютерлік клубқа да ересектерсіз баруға болмайды. Контр-страйк пен Дота ойнаймын деп полиция учаскесінен бір-ақ шығатын жасөспірім көп. Әріптесім тәртіп сақшыларымен рейдке шықты. 

Кәмелетке толмағандар түнгі уақытта өздігінен қыдыруға болмайтынын білмейді. Білсе де, ескертуді елемейтіндер көп. Алайда, бұл үшін әкімшілік жаза қаралған. Бірінші рет ата-анасына ескерту жасалса, екінші рет қомақты айыппұл салынады. Ал, ойын-сауық орталықтарында ересек адамның қарауынсыз түнгі 10-нан кейін де жүруге рұқсат жоқ. Бұндай кезде, тәртіп сақшылары ескертусіз бірден айыппұл салуға құқылы. Айта кетейік, келушілердің төлқұжатын сұрамайтын мекемелер де қомақты айыппұл арқалайды.

МӘНШҮК ӘУБӘКІРОВА, НҰРА АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ:

Егер балаламрдың ата-аналары қалада болмаса немесе сыртта жүретін болса, ЦАН-ға жабылады. Онда ата-аналары келгенше немесе жақын туысқандарына, бауырларына сенімхат бермегенше сол ЦАН-да жатады.

Сауда орталықтарында балалар тек үлкендердің қарауымен жүрсе, компьютерлік клубтарға көбіне өзі барады. Жасөспірімдер ересектермен бірге жүруге болады деп ойлайды. Алайда, полиция бұның өзі арнайы сенімхатсыз заңсыз әрекет екенін ескертуде.

БЛИЦ-САУЛНАМА:

- Мен уақыттың қалай тез сырғып өткенін білмей қалдым. Мұнда түннің бір уақытына дейін отырам деп ойламағанмын. Ойынның қызығымен барлығын ұмытып кеттім. Ал түнде кәмелетке толмағандарға жүруге болмайтынын бірінші рет естіп тұрмын.
- Әпкем 18 жаста. Қасымда үлкендер отыруға болады деп ойладым. Сенімхат керек екенін білмей қалдық. Қазір участоққа барамыз. Ата-анамыз келіп, алып кетеді.

Тәртіп сақшыларымен бірге түнгі рейдте әкімдік қызметкерлері де жүреді. Олардың айтуынша, мектептер мен колледждерде қаншалықты түсіндірме жұмысын жасап, ескерткенге қарамастан, елемейтіндер әлі де көп.

БЕКТЕМІР ЖОЛДАСҚАЖИЕВ, НҰРА АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Балалар, көбіне, осындай компьютерлік клубтарда жиі кездеседі. Жаз уақытында орталық саябақты аралайтынбыз. Қазір күн суытқанға байланысты балалар көбіне ойын-сауық орталықтарында жүреді.

Құзырлы органдар бұл шаралар балалардың өздерінің қапуіпсіздігі үшін жасалынатынын ескертеді. Себебі, жасөспірімдер көбіне, кешқұрым, тіпті, түнде оқыс оқиғаларға ұшырап жатады. Сондықтан, ата-аналардың балаларына мейлінше мұқият болу керектігіне назар аударуда.

ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:

Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көпшілігі түнгі 11-ден кейін үйінен тыс жерде жүруге болмайтынын білмей жатады. Сондықтан, ата-аналары келгенге дейін полиция ғимаратында ұсталады.