$498.34 €519.72 ₽4.85
×

БҚО-да тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жаңа пәтер берілді

04.11.2024ж. 20:00
229
БҚО-да тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жаңа пәтер берілді

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында тұратын жиырма төрт отбасының ұзақ жыл бойы зарыға күткен арманы орындалды. Үй кезегінен үмітін үзбегендер бүгін жаңа пәтердің кілтіне ие болды. Биыл өңірде әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға 758 үй берілсе, жыл соңына дейін олардың қатары тағы толықпақ. 

Райхан Құрмашеваның жеке баспанам болса деп армандағанына 20 жылдан асыпты. Осы арманның жетегінде тұрмыс құрған ол бүгінде жұбайымен бірге алты баланы тәрбиелеп отыр. Бүгін көпбалалы отбасы екі бөлмелі жаңа пәтеріне қоныстанды.

РАЙХАН ҚҰРМАШЕВА, ТҰРҒЫН:

2018-жылы ақпан айында көпбалалы отбасы ретінде үй кезегіне тұрғам. Күміс алқа иегерімін. Көтеріңкі балалардың көңіл-күйі. Енді көптен күткен армандары. Отбасымызбен қуанып жатырмыз. Толыққанды отбасымын, балаларымның атасы, әжесі бар. Көңілімізден шығып жатыр. Үйдің іші жылы, бүгін міне екінші күн осында жүргенімізге.

Бүгін Райханның жиырмадан астам ауылдасына жаңа пәтер берілді. Олардың ішінде тұрмысы төмен отбасылар, жалғызілікті жандар секілді тұрмыс тауқыметіне түскендер де бар. Биыл өңірде үй кезегінде тұрған 758 отбасы баспаналы болыпты. Бұл іс әлі де жалғасады.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

2022-жылы мен Сенатта жүргенде осы жерге келгенмін мен. Неге бұл құрылыс бітпей жатыр деп? Осы облысқа келісімен, осы үйді мен Теректі ауданындағы бірқатар құрылысы тұрып қалған үйлердің бәрін бақылауға қойып, биыл да осындай Теректі ауданында бірқатар үйлерді ашатын боламыз. Сонымен қатар қалада биылғы жылы бірқатар тұрғын үйлер тапсырылатын болады. Мұның барлығы - тұрғын үй кезегінде тұрған біздің халыққа жағдай жасау.

Келер жылы екі мыңнан астам тұрғыны бар ауылда келер жылы үлкен спорт кешені салынбақ. Облыс басшысы бұл істі өз бақылауына алатынын айтып, халықты қуантта.